Бүгін Қазақстанға Франция Президенті
Франсуа Олланд ресми іссапармен келеді деп күтілуде. Президент баспөз қызметінің
хабарлауынша, Олландтың сапары 5-ші және 6-шы желтоқсанға жоспарланған.
Екі ел басшыларының кездесуі барысында
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы Францияға сапары кезінде қол жеткізілген
келісімдердің жүзеге асыру барысы талқыланады. Сондай-ақ, екі жақты
қарым-қатынасты дамыту жағы да сөз болмақ.
Илхам ИБРАГИМ