Русский Сайттың толық нұсқасы

5-6 желтоқсан күндері Франция президентінің Қазақстанға сапары күтілуде

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1392

Бүгін Қазақстанға Франция Президенті Франсуа Олланд ресми іссапармен келеді деп күтілуде. Президент баспөз қызметінің хабарлауынша, Олландтың сапары 5-ші және 6-шы желтоқсанға жоспарланған.

Екі ел басшыларының кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы Францияға сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асыру барысы талқыланады. Сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жағы да сөз болмақ.

Илхам ИБРАГИМ