Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстандағы мектеп асханалары тексерілді

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1033

Шығыс Қазақстандағы мектеп асханаларында тазалық сақталмайды. Санитарлық дәрігерлер осыған көз жеткізді. Жыл басынан бері тұтынушылар құқын қорғау департаменті қызметкерлері 300-ден астам мектепте тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 184 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Мамандар оқушыларға берілетін тағам құрамын және асхананың жабдықталуын тексерген. Көп жағдайда қарапайым тазалық талаптары сақталмайтыны, яғни ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмайтыны анықталды. Сондай-ақ, аспаздар жоспарлы медициналық тексерулерден  уақытылы өтпейді екен.

Ғазиз Сүлейменов,  ШҚО тұтынушылар құқын қорғау департаменті бастығы:

Асханадағы аспаздар ешқандай медициналық қараусыз, содан аурулар пайда болады. Әйтпесе тағамдардың сақталу мерзімі. Тазалық жөнінен асхана жұмысының тазалығы сақталмауы. Сол жағынан көп-көп қателіктер бар. Сол жағынан біз айыппұл салдық.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ