Шығыс
Қазақстандағы мектеп асханаларында тазалық сақталмайды. Санитарлық дәрігерлер
осыған көз жеткізді. Жыл басынан бері тұтынушылар құқын
қорғау департаменті қызметкерлері 300-ден астам мектепте тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде 184 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Мамандар оқушыларға берілетін
тағам құрамын және асхананың жабдықталуын тексерген. Көп жағдайда қарапайым
тазалық талаптары сақталмайтыны, яғни ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмайтыны анықталды. Сондай-ақ, аспаздар жоспарлы медициналық тексерулерден
уақытылы өтпейді екен.
Ғазиз Сүлейменов, ШҚО тұтынушылар құқын қорғау департаменті
бастығы:
Асханадағы аспаздар ешқандай
медициналық қараусыз, содан аурулар пайда болады. Әйтпесе тағамдардың сақталу
мерзімі. Тазалық жөнінен асхана жұмысының тазалығы сақталмауы. Сол
жағынан көп-көп қателіктер бар. Сол жағынан біз айыппұл салдық.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ