Русский Сайттың толық нұсқасы

Франция президентінің Қазақстанға сапары

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1330

Қазақстанға Франция президенті Франсуа Олланд мемлекеттік сапармен келді.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олландтың екі жақты кездесулері өтуде. Бұдан кейін мемлекет басшылары Тәуелсіздік сарайында өтетін қазақстан-француз бизнес-форумына қатыспақ.

Бұл француз басшысының Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Франция - Қазақстанның белді стратегиялық әріптестерінің бірі. Жыл басындағы мәлімет бойынша, 2013 жылы екі жақты тауар айналымы 6 млрд АҚШ долларынан асты. Ал Қазақстанға инвестиция салу бойынша Франция 4-орында тұр.

Илхам ИБРАГИМ