Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бұрын казино болған ғимаратта мешіт ашылды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1647

Алматыда зәулім мешіт пайдалануға берілді. Құлшылық үйі қаланың халық тығыз орналасқан ауданынан бой көтерген. Бүгін жұма намазының қарсаңында жаңа мешітті қала әкімі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы арнайы ашты. Мешітте бір мезетте үш мың адам намаз оқи алады.

Бастапқыда үлкен көшенің бойында ғибадат үйінің салынуына жергілікті әкімдік рұқсат бермеген. Қала билігі ол жерде намаз уақытында көлік кептелесі қалыптасатынын алға тартқан сыңайлы. Алайда жобалаушылар мешіттің астына 4 қабатты автотұрақ салу арқылы бұл мәселені шешкен. Айта кетеу керек, бұл жерде бұрын қаладағы ең үлкен казинолардың бірі орналасқан болатын. Бір топ кәсіпкерлер бірігіп, ойынханадан босаған жер теліміне құлшылық орнын салды. 

Ержан Қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Казино, қазақша айтқанда, жын-ойнақтың орны болғаны рас. Алайда осы жерде бір азаматтар оның орнында мешіт болса деп, тілек қылған еді. Бүгін, міне, сол көпшіліктің тілегі қабыл болып, Аллаға құлшылық ететін зәулім мешіт бой көтерді. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ