Русский Сайттың толық нұсқасы

Қолайсыз ауа райынан Астанада бірнеше әуе рейсі шегерілді

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 944

Күн райының күрт бұзылуынан Астана халықаралық әуежайында 36 рейстің ұшып-қонуы кешіктірілді. Оның төртеуі - халықаралық рейстер. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайына ұшып келетін 18 рейс және ұшып кетуі керек болған 18 рейс кейінге қалдырылған. Оның ішінде Үрімші мен Петропавл бағытындағы рейстер басқа күнге шегерілді. Мұнан бөлек, Астанаға қонуы тиіс болған 5 рейс Қарағанды қаласындағы қосымша аэродромға қонуға жіберілді. Олар - Атырау, Қызылорда, Бішкектен келе жатқан ұшақтар және Алматыдан Елордаға бет алған 2 рейс.

Людмила Копейчук, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

Екатеринбург, Новосібір, Франкфурт және Бішкек бағытындағы халықаралық рейстер кешіктірілді. Қазіргі уақытта Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ауа райы ертең де осындай болады деген болжам бар.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ