Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапония қалың қардың астында қалды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 1094

Жапония толассыз жауған қардың зардабын әлі тартып отыр. 1,5 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Қардың қалыңдығы кей жерлерге бір метрге дейін жетеді. Екі адам төтенше жағдайдың құрбаны болды.

Хоккайдо аралында қатты бораннан 32 ұшақ рейсі тоқтатылды. Әуежайдың тек бір ғана жолағы жұмыс істеп тұр. Филиппин аралдары да табиғаттың тосын мінезінен әлі ес жия алмай жатыр.

«Хапугит» тайфуны көшелерді өзенге айналдырып, үйдің шатырларын қиратып, ағаштарды тамырымен қопарды. Дауыл сағытына 200 шақырым жылдамдықпен соқты. Ол жағалаудағы балықшылардың баспаналарын шайып кетті. Электр желілері үзіліп, ондаған ұшақ рейстері кейінге шегерілді. 700 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Былтырғы тайфуннан тас-талқаны шығып қираған Таклобон қаласының тұрғындары да эвакуацияланды. Өткен жылы апат салдарынан жеті мың адам көз жұмып, 4 млн халық баспанасыз қалған еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ