Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы екі жол апатында полицияның үш қызметкері қаза тапты

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 882

Қарағанды облысында полицейлердің өліміне соқтырған екі жол апаты бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, өткен демалыс күндері аймақта жол көлік оқиғалары салдарынан 3 бірдей тәртіп сақшысы қаза тапты. Аймақтың ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Балқаш-Қарағанды  тас жолында BMW көлігін жүргізіп келе жатқан полицей рульге ие бола алмай, жол жиегіне ұшып кеткен. Қасындағы жолаушысы - жол патруль полициясының қызметкері көз жұмды. Ал екінші апат Қарағанды-Ботақара тас жолында болды. ВАЗ көлігін жүргізуші - Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасының қызметкері - көктайғақта жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Фольксваген-Пассатпен» соқтығысып, қасындағы жолаушы-полицеймен бірге қаза тапқан.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Жол-көлік оқиғасы барысында Бұқар жырау ауданының 2 полиция қызметкері қаза болды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айжан ҚУАШ