Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазіргі қоғам, оның ішінде жастар, дәстүрлі құндылықтарды қолдайды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 13354

Қазіргі қоғам, оның ішінде жастар, дәстүрлі құндылықтарды қолдайды. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде респонденттердің 85 пайызы отбасылық және дінмен қабылданған салт-дәстүрді сақтау жеткілікті деп есептейді. Өз отбасын негізгі құндылық санайтындар – 98%. Бір қызығы, зерттеуге қатысқандардың кейбірі пайыздық несиелерді де құндылықтар қатарына жатқызған.

Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек «бүгінгі күні 90-шы жылдардағы идеологиялық вакуум сезілетінін» атап өтті. Сарапшылар пікірінше, жастарды дәстүрлі рухани және отбасылық құндылықтарға баулуға, жауапкершілікке, ынтымаққа, төзімділікке, заңды құрметтеуге тәрбиелеуге ерекше ықылас бөлінуі тиіс.

Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы:

Қазіргі таңда жастарды мәдениетке күштеп тартуға көшу керек сияқты. Музейге, театрға, көрмеге барамыз, адам көрінбейді. Жастар күндіз-түні «Керуенде», «Мегада» жүреді . Олар үшін бар құндылық сол. Біздің кезімізде белгілі бір кітапты оқымасаң, спектакльді көрмесең, саған қолын бір сілтейтін. «Ее, оны қойшы» деп. Біздің құндылықтар сондай болатын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ