Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат Мұхтар Тінекеев: Бензин бағасы арзандауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 1458

Жаңа жылдан бастап елімізде халық ең көп тұтынатын жанармай түрлері арзандауы мүмкін. Аи-92 маркалы  бензин 115 теңгеге, ал дизель отынын 107 теңгеге дейін түсіруге жағдайымыз бар. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Мұхтар Тінекеев мәлімдеді.

Ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында осындай жазба қалдырған. Депутат былай дейді: «Министр Владимир Школьниктің «Бензин акциздерінің ставкалары туралы» ақпаратын тыңдадық. Экономикада туындаған жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында Үкіметке бензин, дизельді отын акциздерінің ставкасын бекіту ұсынылып отыр. Осының арқасында 1 қаңтардан бастап 92 маркалы бензин бағасын 128 теңгеден 115 теңгеге, дизельді отын бағасын 115 теңгеден 107 теңгеге арзандатуға мүмкіндік туады».

Алайда кейбір сарапшылар депутаттың бұл мәлімдемесі тек ұсыныс екенін айтады. Бүгінгі экономикалық жағдайға байланысты жанармай бағасын бұрынғы шегіне түсіру мүмкін емес, деген пікірде.

Сергей Смирнов, «Ойлньюс» басылымының бас редакторы, сарапшы:

Біздің бензин нарығындағы баға саясатын жекелеп сататын жанармай құю бекетінің қожайындары  реттемейді. Олардың арғы жағында көтерме саудамен айналысатын алып күш тұр. Меніңше, олар жанармай бағасының төмендеуіне ешқандай мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл ұсыныстың астарынан жаңалық іздеудің қажеті жоқ.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ