Лос-Анджелесте
өрт салдарынан бүтіндей ғимарат жанып кетті, деп хабарлайды «Рейтерс».
Құрылысы
бітпеген 7 қабат үйден қызыл жалын түн ортасында тұтанған. Өрт лезде көрші
ғимараттарға жайылды. Бастапқыда оны ауыздықтау мүмкін болмаған. 250-ден астам өрт сөндіруші тілсіз
жауды үш сағатта әрең сөндірді.
Өрттің шығу
себептері әлі белгісіз. Әзірге өрт жұмыскерлердің абайсыздығынан тұтанды деген болжам бар. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА