Русский Сайттың толық нұсқасы

Лос-Анджелесте өрт салдарынан бүтіндей ғимарат жанып кетті

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 922

Лос-Анджелесте өрт салдарынан бүтіндей ғимарат жанып кетті, деп хабарлайды «Рейтерс».

Құрылысы бітпеген 7 қабат үйден қызыл жалын түн ортасында тұтанған. Өрт лезде көрші ғимараттарға жайылды. Бастапқыда оны ауыздықтау мүмкін болмаған. 250-ден астам өрт сөндіруші тілсіз жауды үш сағатта әрең сөндірді.

Өрттің шығу себептері әлі белгісіз. Әзірге өрт жұмыскерлердің абайсыздығынан тұтанды деген болжам бар. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА