Русский Сайттың толық нұсқасы

Марсоход Марста ежелгі көлдер табанын тапты

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 2140

«Кьюриосити» Марстағы көлдер туралы жаңа деректер анықтады. Қызыл планетадағы Шарп атты бес шақырымдық тау ондаған миллион жылдар бұрын ірі көл үстінде пайда болуы ықтимал, дейді НАСА ғалымдары. Бұл туралы ақпаратты ВВС телеарнасы таратты.

Америкалық ғарыш агенттігінің мәліметінше, тау жынысының қатпарларын зерттеу кезінде оның су мен желдің ықпалынан құрылғаны белгілі болған. «Осыдан 3,5 миллиард жыл бұрын аспан денесіндегі ылғалдық деңгейі және температура жоғары болған. Бұл себепті Шарп тауының орнында ірі көл болуы керек», - дейді мамандар.

Айта кетейік, «Кьюриосити» марсоходы Қызыл планетадағы Гейл краторына екі жыл бұрын қондырылған болатын.

Жұрағат БАМАН