Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан темір жолы» Ресейге қатынайтын пойыздар санын шектемейді

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1260

«Қазақстан темір жолы» Ресейге қарай жүретін пойыздардың қозғалысын шектемейді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасында 17 пойыз қатынайды. Оны «Қазақстан темір жолына», 6 құрам «Ресей темір жолдары» акционерлік қоғамына тиесілі. 


14 желтоқсаннан бастап «Ресей темір жолдары» компаниясы «Новосибирск-Алматы» және «Новокузнецк-Қарағанды» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызын кестеден алып тастағаны мәлім. Ал ҚТЖ-ның «Алматы-Новосибирск» бағытына қатынайтын пойызы кестеге сәйкес жүреді. Хабарламада ҚТЖ-ның Ресейге қатынайтын барлық он пойызы жүрісін тоқтатпайтыны айтылған. Дегенмен, Ресей жағы да қажеттілік туындаған жағдайда жолаушылар пойызы қозғалысын қайта жандандырмақ.

«Федералды жолаушылар компаниясы» 14 желтоқсаннан бастап ТМД елдеріне қатынайтын 5 бағыт қана сақталатынын хабарлаған еді. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ