Русский Сайттың толық нұсқасы

Березов ауылы тұрғындары Президент пен Үкіметке ауылды көшіру туралы үндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1575

Батыс Қазақстан облысы Березов ауылы тұрғындары басқа жерге көшіруді Үкіметтен талап етеді. Бүгін аталған ауылдың аманатын арқалап келген қоғамдық ұйым өкілдері Алматыдағы баспасөз мәслихатын өткізді. Елді мекенге барып, тұрғындардың пікірін біліп келген ұйым мүшелері, шынымен жағдайдың күрделі екенін, айтып отыр.

Сергей Соляник, қоғамдық ұйым өкілі:

Қалыптасқан жағдай тұрғындардың шыдамын тауысқан. Олар Қарашығанақ кен орнына жақын тұратын болғандықтан, көшу туралы мәселені шешуді сұрап келе жатқанына он жылдан асыпты. Ал жақындағы улану жағдайынан соң өтінішке ауылдың 951 адамы қол қойды. Елді мекенде барлығы 1580 адам тұрады. Яғни жартысынан көбі көшіруді сұрап отыр. Таяу күндері біз осы өтінішті Үкімет пен Президент атына жолдаймыз.

Экологтар кәсіпорын мен ауыл арасындағы қашықтық 5 шақырымнан аспайтынын айтады. Бұл санитарлық сақтау аумағы адамдарды экологиялық қатерден құтқара алмайды, деген пікірде.

Қарашаның 28-інде Батыс Қазақстан облысындағы Березов ауылында дәл сабақ үстінде бірнеше оқушы ес-түссіз құлап, ауруханаға жеткізілген болатын. Аймақ прокуроры Қарашығанақ кен орнынан ауаға күкіртті сутектің шамадан тыс тарағанын мәлімдеді. Бірақ «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының өкілдері экологиялық ахуалдың қалыпты екенін айтып, жауапкершіліктен бас тартты.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

ҢЫ: }