Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметшілерді детектормен сынамақ ниетте

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1312

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа қызметшілерді детектормен сынамақ ниетте. Осындай ақпаратты агенттіктің баспасөз қызметі тартты.

Айта өтейік, осы жылдың тамызында Үкімет қайта жасақталып, қаржы полициясы таратылған болатын. Орнына «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» құрылды. Агенттік бос орындарға байқау жариялап, жаңадан жасақталатын құрамды мейілінше тексермек.

Байқауда үміткерлердің заңнамаларды қаншалықты меңгергені анықталып, полиграфологиялық зерттеу де өткізіледі. «Сондай-ақ, бос орынға үміткерлермен қатар детектор сынынан қазір іс басындағы қызметкерлер де өтеді», - делінген коррупцияға қарсы күресуші мекеме хабарламасында.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА