Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан ЕАЭО кіретін болды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2014
  • 1473

Қырғызстан 23 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одаққа ену туралы келісімге қол қоюы керек. Ел үкіметі мемлекет мүддесін ескере отырып, қажетті құжаттарды тиянақтап жатыр. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды.

Премьер-министр Жомарт Оторбаев жұмыс тобы соңғы әзірлікті пысықтап жатқанын атап өтті. Айтуынша, бірінішіден, ұлттық мүдде ескерілу керек, сондықтан құжаттың әр пункті мұқият қаралып жатыр. Қырғыз Папрламенті құқықтық базаны Еуразиялық одақ шарттарымен сәйкестендіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда қараған. Осы құжат 23 желтоқсанға дейін тағы екі оқылымда қаралады.

Келер жылы Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа енуі керек. Оған бір айдан аз мерзім қалғанын ескерсек, қырғыз депутаттары шұғыл шешім шығарулары керек.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА