Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясында жұмыспен қамту жол картасы талқыланды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2014
  • 1211

Өңірлерде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы тиісті деңгейде жүзеге асып жатқан жоқ. Осылай деп мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасының «Еңбекпен қамту және халықтың табысы» бағыты бойынша партиялық кураторы Гүлмира Исимбаева мәлімдеді.

Сарапшылар тобының отырысында ол 10 айдың қортындысын шығарып, жұмыссыздық деңгейінің азайғандығын айтты. Мәселен, бұл көрсеткіш 5,2 пайыздан 5 пайызға төмендеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтып жатқандар саны да 3,6 пайыздан 3 пайызға төмендесе керек. Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан жыл сайын 100 миллиардқа жуық қаражат бөлінуде. Дегенмен айтуынша, әр өңірге бұл сомма теңдей бөлінсе де, нәтиже бірдей емес. Енді сарапшылар  бағдарламаның жүзеге асуында қандай қиындықтар барын анықтамақ ниетте.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Бөлінген қаражат кейбір облыстарда бірдей. Бірақ, сол соммаға жұмыспен қамтылған адамдардың саны мүлдем өзгеше. Мысалы, Қызылорда облысы мен Павлодар облысында бірніші бағыт бойынша қаражат 1 миллиард 900 миллион теңге. Ал, бір Қызылорда облысында жұмыспен қамтылғандар төмен, Павлодар облысында жоғары. Бір облыста 200 болса, екіншісінде 2 мың. Сол сияқты үш бағыт бойынша осындай жағдайлар кездеседі.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА