Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2014
  • 901

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады. Спикер Елбасына Сенат жұмысының 2014 жылғы қорытындылары туралы есеп берді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығарушылық қызметіне де тоқталды. Президент қажетті заңдарды дер кезінде қабылдау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңыздылығы сөз болды. Сенат төрағасының айтуынша, жоғарғы палата үстіміздегі жылы жүзге жуық заң қабылдауды жоспарлап отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА