Русский Сайттың толық нұсқасы

Ядролық қаруға қарсы «Атом» жобасының онлайн-петициясына 100 мыңға жуық адам қол қойды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2014
  • 1199

Сынақтарды тоқтату - біздің мұратымыз! Осындай ұранмен ядролық қарудан бас тартуға үндейтін «Атом» жобасының онлайн-петициясына 100 мыңға жуық адам қол қойды.

Бұл туралы журналистермен кездесуде еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Барлыбай Садықов мәлімдеді. Айтуынша, жоба аясында ядролық сынақтарды түпкілікті тоқтату жолында нақты және тұрақты іс-шараларды қолға алу көзделген. «Осы арқылы адамзат баласының күш-жігерін жұмылдырып, әлемді ядролық қарудан азат ету мақсатымыз», - дейді.

Барлыбай Садықов, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі:

Елбасы ядролық қаруды таратпау мәселесіне жіті назар аударып, бұл салада маңызды халықаралық бастамалар көтерді. Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан арылу және оның таралмауына бағытталған саясатын халықаралық қауымдастық қолдап, Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық рөлін мойындаған.

Жұрағат БАМАН