Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүргізушілер бензин бағасының арзандауына қуануда

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2014
  • 971

«Бақытты бейсенбі». Екі кештің арасында шұғыл түрде бензин құнын төмендету туралы үкімет шешімінен бейхабар жүргізушілер бүгін таңертең құнды отынның қайтып 115 теңге мөлшеріне түскенін көріп қуануда. АИ-92 маркалы бензинін - 128, ал дизельді отынды 115-тен алып үйреніп қалған жүргізушілер бұл жаңалыққа сенер-сенбесін білмейді. Сондықтан, «арзан кезінде толтырып алайық» дегендей, жанармай құю бекеттерінде ұзын кезекке тізілді.

Прекрасно, что снизили, будем заправляться теперь полным баком.

Қуаныштымыз, әрине, тағы да түссе, тіпті қызық болар еді.

Ал көш соңында жүретін кей жүргізушілер жағымды жаңалықтан бейхабар болып шықты. Бекетке келіп, «бұрынғы» жаңа бағаны көрген азамат сүйінші үшін алғыс та айтты.

Понизили цены? Конечно, рад. Я просто даже не знал, вот только подъехал на заправку. Очень рад.

Еске салсақ, екі күн бұрын Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин жанармай арзандайды деген мәлімдеме жасаған еді. Ал кеше кешке министрлік «Бағасы мемлекет тарапынан реттелетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны белгілеу туралы» бұйрық шығарды. Оған сәйкес дизель отыны 107, АИ-80 - 89 теңгеден, ал АИ-92/93 маркалы бензині 115 теңгеден сатылатын болды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ