Русский Сайттың толық нұсқасы

Рубль курсы төмендеуінен БҚО Ресейден артығымен су сатып алды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2014
  • 1500

Рубльдің құлдырауы су көзінің 80 пайызын Ресейден алатын батыс қазақстандықтар үшін ұтымды болды. Көрші ел валютасының арзандағанын пайдаланған жергілікті су шаруашылығы мекемесі 9,5 миллион текше метр суды жоспардағыдан артығырақ сатып алды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз маслихатында айтылды.

Батыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясынан су сатып алуға ел қазынасынан биыл 1 млрд 380 млн теңге бөлінген. Қарашада рубль бағасы түскесін, қосымша су сатып алу үшін көршілермен тағы да келісімшарт жасалыпты. Осылайша, 1 желтоқсанға дейін Ресейдің Саратов каналынан Батыс Қазақстанның Қара және Сары өзендеріне 81,5 млн текше метр су жіберілген. Батыс Қазақстан облысы өңірдегі су көзінің 80 пайызын Ресейден сатып алады. Қалғаны облыстағы өзен-көлдерден. Енді Батыс Қазақстан облысындағы су қоймаларын қалпына келтіру жүмыстары қолға алынған.

Қазыбек Кенжеғалиев, «Қазсушар» РМК БҚОФ директоры:

Суды сатып алу туралы келісім сол кездегі рубль бағасымен жасалды. Кейін Ресей ақшасының бағасы төмендегесін, сатып алатын судың мөлшерін көбейту үшін тағы шарт жасастық. Жоспар бойынша біз 72 миллион текше метр су сатып алуымыз керек еді, ақша айырмашылығын пайдаланып, алынар су мөлшерін 82 миллион текше метрге жеткіздік.

Еркін КАРИН