Таразда тас жүрек ана жаңа туған сәбиін көшеге
тастап кеткен. Сақылдаған сары аязда сәбидің жылаған даусын қараңғы қуысқа дәрет сындыруға тоқтаған
көлік иесі естіп, жедел жәрдем шақырыпты.
Дәрігерлердің айтуынша, жұқа жөргекке оралып,
қорапшамен қапталып, одан пакетке салынған сәбиді ет-бетімен қиналып жатқан
жерінен тауып алыпты. Шақалаққа олар дер кезінде көмек көрсеткен. Дәрігерлер, дүниеге келмей жатып, өлім аузынан аман қалған бөбектің қазіргі
жағдайы қалыпты, дейді. Нәрестенің болашағын жақсылыққа жорып, Нұрай Жарқынбек деп, ат
қойыпты. Балалар ауруханасы дәрігерлері, сәби 4 күн бұрын туған, деп болжайды.
Қазір тастанды баланың анасы іздестіріліп жатқанын айтты. Енді ақ халаттылар
жөргектегі мөрден сәбидің қай перзентханада туылғанын анықтамақ.
Айнұр Ештаева, Тараз қалалық №1 балалар
ауруханасының дәрігер-неанотологы:
Бала аурхананың мөрі бар жөргекке оралған, және
сыртынан пакетке оралған. Ол коробканың ішіне салынып, басы төмен қаратылып, тоңқайтып жатқызылған баланы тауып алған. Тауып алған сол үйдің маңында
тұратын кісі, ол бірден баланы үйіне апарып киіндіріп, бірден жедел жәрдем
шақырған.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ