Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның басым бөлігінде боран күшейеді

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2014
  • 1149

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран күшейеді. Күн райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауып, бұрқасынды желдің екпіні арта түседі. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады «Қазақпарат».

Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ашық ауа райы сақталады, кей аймақтарда тұман түседі. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, бұрқасындатады. Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей аймақтарында боран соғып, тұман түседі. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қостанай облысында кей жерлерінде тұман түседі.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА