Русский Сайттың толық нұсқасы

Өнерпаз үндістер Шымкент көшелерінде ән салып жүр

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2014
  • 1693

Өнерпаз үндістер Шымкент көшелерінде ән салып жүр. «Каузай» деп аталатын фольклорлық дуэт оңтүстік қазақстандықтарды өздерінің ұлттық ән-жырымен сусындатуда.

Эквадорлық қонақтар ауа-райының суық екеніне қарап жатқан жоқ. Көпшілік жиналатын орындарда үндістердің бай музыкалық дүниесін паш етіп жүр. Шымкенттіктер нағыз үндістердің өнеріне таң-тамаша. Ежелгі үнді тайпасының бүгінгі ұрпақтары гастрольдік сапарын осы көктемде бастады. Олар бүкіл Еуропа мен Ресейдің бірнеше қаласында өнер көрсеткен. Қазақстанда бұл топ бұған дейін Астана мен Алматы тұрғындарына концерт қойып үлгерген. Қонақтардың мақсаты - өз халқының мәдениеті мен өнерін өзгелерге таныстыру.

Бұлардың өнерін тамашалауға әдейі келдім. Үндістердің мәдениеті мені қатты қызықтырады. Эквадор туралы білуге, аз да болса мағлұмат алуға тырыстым.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ