Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен жылы Алматы тұрғындары 5,4 трлн теңге көлемінде несие алған

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2016
  • 1212

Былтыр алматылықтар 5,4 трлн теңге көлемінде несие алған. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 6 пайызға жоғары. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы жиында белгілі болды. Сондай-ақ, электронды билетке көшкен қоғамдық көліктердегі туындаған мәселелер де назардан тыс қалмады. «Бұл көлеңкелі айналымда жүрген қаражатқа шектеу қою үшін жасалып отыр», - деді қала басшысы.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

Бұл жерде біз көлеңкелі қаражатты сөз қылып отырмыз. Бұған шектеу қойып, нарық көлемін анықтаймыз. Қоғамдық көлік - әлеуметтік саланың маңызды бөлігі. Біріншіден, сапаны көтеруіміз керек. Қазір қала көшелерінде жүрген көліктердің көбісі тозығы жеткен. Сондықтан түскен қаражаткейін осы салаға қайтарылатын болады.

Түрлі сала мамандары жиналған басқосуда тозығы жеткен жылу құбырлары, экология, қала ішіндегі жиі болатын жол апаттары сөз болды. Былтыр, 5 мыңнан аса жол-көлік апаты тіркеліп, 160 адам көз жұмған. Жылу құбырлары да біртіндеп ауыстырылып жатқаны мәлім болды. Одан бөлек несие алғандардың қатары көбейіпті.

Мақсат Қиқымов, Алматы қ. әкімшілігініңэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:

2015 жылдың 11 айында екінші дәрежелі банктер тарапынан 5 триллион 457,6 миллиард теңге берілді. 2014 жылмен салыстырғанда 6,5 пайыз артық. Ал 11 айдың ішінде депозиттердің көлемі 52,4, пайыз көбейіп, 4 триллион 257,7 миллиард теңгені құрады.

Самат ҚАНАҒАТОВ