Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы министрі отандастарымызды үнемдеуге шақырды

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2014
  • 1112

«Отандастарымыз түрлі шығындарды қысқартып, қолда барын үнемдеуге көшкені абзал. Өңірде қалыптасқан геосаяси, геоэкономикалық жағдайлар осыған итермелейді». Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бүгін осылай деп мәлімдеді. 

Министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қараша айындағы халыққа арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы міндеттерді астаналықтарға тарқата түсіндірді. Бас құжатта қамтылған маңызды тұстар мен ел дамуының негізгі жеті бағытын да жіліктеп айтып өтті. Еліміздің «бас қаржыгері» келтірген мәліметтерге сай, Ресей экономикасындағы тұрақсыздық бізге де әсер етпей қоймайды деді. Ал әлемдік нарықтың шатқаяқтауының алғашқы белгілері - ел бюджетін  ықшамдауға алып келді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Біз осы бюджет жобасын Парламентте қараған кезде ағымдағы жылдың бюджетін 200 млрд теңгеге қысқарттық, келесі жылда да біраз шығыстарды қысқартып, сондықтан Елбасы осындай сыртқы экономиканың проблемаларын бізге де әсерін беретінін алдын ала біле тұрып Ұлттық қордан қаражатты экономиканың өсуіне көмек беру үшін жіберіп отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ