Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жарықсыз қалғандарға генератор арқылы қуат беріле бастады

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2014
  • 1110

Батыста жарықсыз отырған ауылдардағы әлеуметтік мекемелерге дизельді генератор арқылы электр қуаты беріле бастады. Энергетиктер мен төтенше жағдай қызметі мамандарынан жасақталған топ желілерді мұздан тазартуға кіріскен. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Электр сымдарына қатқан мұздақтың кесірінен облыстағы үш ауданда қырықтан астам елді мекен бірнеше күн бойы қараңғыда отырғанын хабарлаған едік. Мамандар бұл құбылысты күннің күрт суытып, ауаның ылғалдығы артуымен байланыстырды. Салдарынан жоғары кернеулі электр желілері мұздақтың салмағын көтере алмай үзілген.

30 мыңға тарта тұрғынның жарықсыз қалғанына 5 тәуліктің жүзі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мұның қалыпты құбылыс екенін айтады. Мұндай жағдай аймақта соңғы үш жылдан бері қайталанып келеді.

Еркін ҚАРИН