2015 жылдың қаңтарынан Иран Ресейге
азық-түлік жеткізуді жандандырмақ. Бұл туралы «ТАСС» агенттігі «Россельхознадзор»
өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, ресейлік тарап ирандық
өнімнің жоғары сапалы екендігіне көз жеткізген. Әңгіме
сүт, балық, көкөніс және жеміс-жидек турасында болып отыр. Бұған қоса, екі ел
өзара есепті доллармен жүргізбейтіндіктерін мәлімдеген. Бүгінде Ресей Иранның
20-ға жуық компаниясына экспорт рұқсаттамасын берген.
Еске салайық, Ресей бұл қадамға
Еуропалық одақ азық-түлік өнімдеріне шектеулер қойғанынан кейін барып отыр, деп
хабарлады «ТАСС».
Жұрағат БАМАН