Америкада
бензин арзандай бастады. Соңғы екі аптада жанармай құны 25 центке арзандап, галлонына 2,47 долларға түсті, деп хабарлайды «Лента.ру».
Ал, ең төменгі
октанды отынның литрі - 65 цент. Осылайша,
АҚШ-та бензин құны 2009-дың мамырында тіркелген минималды деңгейге түсіп отыр. Жанармай
құю бекеттері қожайындарының арасында жүргізілген сауалнама - ең қымбат бензин
Нью-Йорк маңындағы Лонг-Айленд аралында екенін анықтады. Онда төмен сұрыпты бензиннің
галлоны, яғни 4,5 литрі - 2,82 доллар. Ал ең арзан отын Оклахомада - галлоны
2,06 доллар.
Сарапшылар
бағаның құлдырауын әлемдік нарықтағы мұнай құнының арзандығымен байланыстыруда.
Екі аптаның төңірегінде Нью-Йорк
тауар биржасында «қара алтын» 14 пайызға құнсызданды. Сарапшылар сондай-ақ, мұнайдың бұдан әрі арзандауына
байланысты бензин құны да төмендей бермек, деген болжам жасауда.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ