Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге аттанды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2014
  • 1237

Ресей астанасында Ұлттық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің сессиясы аясында маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Ұйымға мүше елдердің қорғаныс, сыртқы істер министрлері мен қауіпсіздік кеңесі хатшылары бекіткен құжаттар жауынгерлік даярлық және экстремизммен күрес салаларында өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді. Бұл жөнінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, Қазақстан және Ресей басшылары Мәскеуде екі ел арасындағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасу жөніндегі Хаттамаға қол қойды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуінде өзге де маңызды тақырыптар қозғалды. 1 қаңтардан жұмысын бастайтын жаңа одақтың маңыздылығы сөз болды. «Биыл Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойдық. Барлық кедергілерге қарамастан, біз бұл ұйымды қолдауға және оны өміршең етуге тиіспіз», - деді Қазақстан басшысы.

Ал бүгін түс ауа Ресей астанасында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оның жұмысына Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения мен Қырғызстан президенттері қатысады, деп күтілуде.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА