Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жетім балаларға Аяз Ата сыйлық табыстады

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2014
  • 1895

Ақтөбеде аз қамтылған отбасылар мен жетім балалар үшін нағыз мереке басталды. Аяз Атаға хат жазған төменгі сынып оқушылары мен балабақша балғындарының тілегі орындалды. Оларға өздері қалаған заттар сыйға тартылды.

Қамқор жандар жылы аяқ киім, ойыншықтар мен сөмкелер алып берген. Жүзге жуық сыйлық хат иелеріне табысталды. Жергілікті ойын-сауық орталығында өткен кездесуде Аяз Ата мен Ақша қарға кәсіпкерлер қол ұшын беріп, сыйлықтарды үлестіруге көмектесті. Бөбектердің қуанышын көрген қайырымды жандар болашақта да осындай мерекені дәстүрге айналдыруды көздейді.

Алина Сақауова:

Мен кітап алам деп жаздым. Бір қызықты, жақсы кітап. Қыздарға арналған кітап. Маған берді оны. Рахмет Аяз Атаға. 

Мансұр ЕСҚОЖИН