«Қатты аяздың салдарынан Канаданың
Квебек провинциясында 135 мың үй қожалығы электр қуатынсыз қалды», - деп хабарлайды «РИА
Новости».
Олардың басым бөлігі - Монтержи және
Монреаль тұрғындары. Аймақта қалың қардың соңы қытымыр аязға ұласты.
Синоптиктердің болжамы әлі де көңіл жұбатпайды. Елдің түрлі аймақтарында ауа
райы құбылмалы болады деп отыр. Бір жерлерде нөсер жауын мен су тасқыны болады
деп болжаса, енді бір жерлерде секундына 120 метр жылдамдықпен жел соғып, қар
жауады. Ауа температурасы түнде минус 30 градусқа дейін төмендейді деп болжам
жасаған. Кей жерлерде сынап бағынасы 48 градусқа төмендеуі мүмкін екенін
хабарлаған.
Бұл болжамдар шығыс жағалаудағы Эдуард ханзаданың аралынан басқа,
Канаданың барлық провинцияларында болуы ықтимал.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ