Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иелері анықталды

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2015
  • 2389

Дарындылар анықталды. Еліміздегі ғылым, шығармашылық салалар мен қоғамдық жұмыстарда сіңірген еңбегі үшін 35 жасқа дейінгі мамандар «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды.

Бұл жолы байқаудың «ғылым» саласы бойынша бақ сынағандардың қатары көп. Одан кейін «кино және театр», «классикалық музыка» аталымы тұр. Марапатталғандар қатарында танымал актер Әділ Ахметов, «журналистика» бойынша Рахат Жақсыбай, Дәурен Омаров, спортта  Данияр Елеусінов бар.

Эстрадалық музыка бойынша «Жігіттер» квартеті үздік деп танылса, ғылым саласы бойынша Қайсар Табынов марапатталды. Ал «әдебиет» аталымында ақын Ерлан Жүніс «Дарын» сыйлығына лайық деп танылды.

Сонымен, 10 номинация бойынша барлығы 20 адам марапатқа ие болды. 200 мың теңгеден тұратын қаржылай сыйақысы тағы бар. Айта кетейік, бұл марапат екі жылда бір рет беріледі.

Ерлан Жүніс, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:

«Дарын» сыйлығын қоғамдық өміріміздің әр саласына беріп жатыр. Соның ішінде ең маңызды саланың бірі - әдебиет. Әдебиетке қамқорлық - ұлттың руханиятына, мәдениетіне деген қамқорлық, деп білем. Мұндай марапаттар жастардың сенімін арттырып, ұлы шығармалар жазуға итермелейді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ