Ресми Париж, Украинадағы дағдарысқа қатысты 15 қаңтарда Астанада өтетін
кездесуден кейін арадағы тоң жібиді, деген үмітте. Бұл туралы «Франс Интер»
радиостанциясының тікелей эфирінде ел президенті Франсуа Олланд мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Астанадағы кездесу «норманд форматында» өтеді: Украина,
Ресей, Франция және Германия канцлері бас қосады. Бүгін Франсуа Олланд
Астанаға, басқосу нәтиже берсе ғана, келетінін атап өтті. Ол: «Батыс Ресейге
қарсы салған санкциялардан бас тартуы керек», - деп санайды.
Франсуа Олланд, Франция президенті:
Егер Ресейде дағдарыс болса, бұл Еуропаның да жағдайы мәз емес деген сөз.
Мен Ресейге қарсы санкциялар тоқтатылуы керек деп есептеймін. Украинадағы
жағдайды шешу үшін, оны алып тастау керек. Мен 15 қаңтарда Астанаға жағдай
шынымен оңалады деген шартпен ғана барамын.
Ал бұл уақытта Мәскеуде
Ресейдегі санкцияға іліккен жетекші компаниялардың әсерінен баспана бағасы 47
пайызға арзандап кетті. Мұндай деректі «ИНКОМ - жылжымайтын мүлік» компаниясының
сарапшылары келтірді. Рубль құнын жоғалтқан тұста баспаналардың шаршы метр
бағасы орташа 2800 доллар болатын. Қазір ол 2,5 есеге арзандаған.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ