Қостанай
қазақ-түрік лицейіндегі оқушылардың жаппай улану себептері анықталды. Тексеріс
нәтижесі білім ордасындағы қос қызметкердің стафилококк індетін жұқтырғандығын
көрсеткен. Сондай-ақ зертханалық қорытындыға сәйкес, шәкірттерге берілген
палау, тұшпара және орама секілді тамақтардың құрамынан бактерия табылған.
Сәуле
Бәйменова, Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бастығының
орынбасары:
Тексеру
нәтижесі бойынша жұғу жолы алиментарлы екендігі анықталды. Яғни инфекцияның
ықтималды жұқтыру жолы - ас блогының қызметкерлері. Инфекция үлесінің таралуына
ас блогындағы санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы режимнің
бұзылуы себеп болған. Бірнеше адамнан стафилококк анықталды. Олар - аспазшы мен
тәрбиеші.
Еске
салайық, желтоқсанның 25-інде лицейдің 37 шәкірті астан ұшынып, оның он сегізі
ауруханаға жатқызылған болатын. Екі-үш күн ем алған оқушылар айығып, үйлеріне
жіберілді. Полицейлер бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ал тұтынушылар
құқығын қорғау департаментінің қаулысымен лицей асханасының жұмысы уақытша
тоқтатылды.
Заңғар САНАЙ