Русский Сайттың толық нұсқасы

Ардагерлерді ардақтау марафоны Қарағандыда жалғасын тапты

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2015
  • 1681

Жеңіс жалауы Қарағандыға жетті. Аймақ әскерилері Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіске құрмет» республикалық акция-марафоншыларын қаланың «Мәңгілік алау» алаңында қарсы алды. 30 желтоқсанда Астанадан аттанған Жеңіс жалауы бүгін қарағандылықтарға салтанатты түрде табысталды. Марафоншыларды қорғаныс және қарулы күштер қызметкерлері сап түзеп, қарсы алды. Акцияға ардагерлер мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының жетекшілері қатысты. Олар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Отан соғысының құрбандарына тағзым етті.

Осылайша, өткен тарихқа құрмет көрсеткен Қарағанды жұрты Жеңіс жалауын Семейге шығарып салды. Жалау еліміздің Семей, Қапшағай, Отар, Ақтау, Алматы әскери бөлімшелерін аралап қайтады. 15 қаңтар күні Қорғаныс министрі Ұлы жеңіс символын «Жас Ұлан» әскери мектебінің балаларына тапсырады. Бүгінгі жиында қарағандылық жас жауынгерлер де батыр ақсақалдарға әскери шеберліктерін көрсетті. Қарумен жұмыс істеу техникасы мен дұшпанынан қорғану тәсілдерімен бөлісті. 

Ғани Нүсіпов,ҚР ІІМ 31775 ӘБ № 1 мото-атқыштар батальоны командирінің орынбасары:

Жасөспірімдердің әскери өмірге, отанға сүйіспеншілігін арттырады. Отан соғысының ардагерлеріне деген құрмет бұл.

Бүркіт Есжанов, ҰОС ардагері:

Әсер ерекше. Ветерандарға көрсетілген ықылас, бүкіл елге қуаныш.  

Айжан ҚУАШ