Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте көпқабатты үйдегі жарылыс газ құрылғысындағы ақаудан болған

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2015
  • 951

Шымкентте көпқабатты үйде болған жарылысқа пәтер ішінде орналасқан газ құрылғысындағы ақау себеп болған. Ал пәтер иесі ақауды дер кезінде анықтап, шара қолданбаған. Материалдық шығын 50 млн теңгеден асады. Қалалық төтенше жағдай мамандары осындай ақпарат таратты. 

Ерік Сарыбаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

Ол жерде газ құрылғысы дұрыс орнатылмаған. Пәтер иесі құрылғыны орнатқанмен, дұрыс көңіл бөлмеген. Қауіпсіздік техникасы бұзылып отыр. Бұл жерде бізден бөлек ішкі істер бөлімі сот-медициналық сараптамасын тағайындаған. Олардың қорытындысы бұдан басқа болуы да мүмкін.

Еске салайық, Шымкенттегі Ақназар хан көшесіндегі 62-ші үйде 20 желтоқсанда жарылыс болғаны белгілі. Арты алапат өртке ұласты. Сегіз пәтерлі баспананың төрттен бір бөлігі жанып кеткенін айтқанбыз. Жарылыс бірінші қабаттағы тұрғын ас үйде газ плитасын тұтатқалы жатқан сәтте шыққан.

Айта кетейік, қыс ортасында баспанасыз қалған сегіз отбасының төртеуі туыстарында, тағы төртеуі арнайы жатақханада тұрып жатыр. Оларға қазіргі баспанасымен пара-пар пәтерлер сатып алып беріледі.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ