«Алға қарай қадам!»
15 қаңтарда
Астанада, Украина дағдарысын шешу мақсатында өтетін кездесуге Құрама Штаттар мемлекеттік департаменті осындай баға берді. Мемлекеттік департаменттің ресми
өкілі Джен Псакидің айтуынша, алдағы келіссөз
Украинадағы шиеленіскен жағдайды шешуге сеп болады. Ал Вашингтон бұл кездесуге қатыспайды. Десе де,
бұл бас қосудан оң нәтиже күтіп отыр.
Былтыр жыл соңында Украина президенті
Петр Порошенко 15 қаңтарда Астанада мемлекет басшылары деңгейінде Ресей,
Украина, Германия және Франция президенттері бас қосатынын айтқан.
Одан бұрын
22 желтоқсанда Киевке барған сапарында Нұрсұлтан Назарбаев Порошенкоға Астана
араздасқан тараптарды мәмілеге шақыруға дайын екенін жеткізген-ді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ