Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жол қозғалысы туралы жаңа заң ертең күшіне енбек

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2015
  • 1128

Қазақстанда жол қозғалысы туралы жаңа заң ертең күшіне енбек. Осыған байланысты Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин құқық қорғау қызметкерлерін халыққа түсіністікпен қарап, айыппұл салуды сәл «шегере» тұруды сұрады.

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Ертеңнен бастап енгізілетін жаңа талаптарды қарапайым халықтың көбі тез жаттап, біле бермейді. Бұл себепті ішкі істер департаментінің жетекшілігін алғашқы кезде түсіністікпен қарап, айыппұлды лезде рәсімдемеуге үндеймін. Жүргізушілер жолда жүру ережелерін бұзған жағдайда, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа заңмен таныстыруды пысықтау қажет.

Жиын барысында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі жаңа нормалар таныстырылды. Мәселен, заңның жаңа редакциясында елімізде ереуілге шыққан азаматтар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылатындығы жазылған. Бұрын бұл қадамға барған адам айыппұлмен құтылатын. «Әкімшілік жаза енді қылмыстық іс санатында», - дейді прокуратура өкілі.

Шолпан Көшенова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі:

В разряд уголовных проступках перешли такие правонарушения, как принуждение к участию или отказ от участия в забастовке. Если ранее за это правонарушение предусматривался штраф, то теперь данное деяние будет квалифицироваться как уголовное преступление и влечет наказание вплоть до лишения свободы до трех лет.

Жұрағат БАМАН