Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда ретро стилінде мұз айдыны ашылды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 1313

Петропавлда ретро стилінде мұз айдыны ашылды. Алаңның жан-жағы түрлі мультфильмдер бейнеленген баннерлермен қапталған. Тағы бір ерекшелігі - мұнда тек өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдар әуендері ғана естіледі.

Ретро мұз айдынын ашуға жергілікті билік ұйытқы болды. Қаланың орталық ауданында орналасқан сырғанақтың сырты мұз кірпіштермен қоршалған. Ал ортасында жарқыраған электр фонтан орын алған. Мұз айдынына көрік беру үшін, арнайы дизайнерлер шақырылыпты. Сырғанақ қала тұрғындарының көңілінен шыққан көрінеді. Себебі жылы күндері мұнда 200-ге жуық адам жиналады екен. Жалпы, Петропавлда биыл 6 мұз айдыны ашылды. Оның біреуі - тегін. 


Валерий Евдокименко, Петропавл қаласы әкімдігі спорт бөлімінің басшысы:

Бұл жерде екі жыл бұрын мұз айдыны болған. Бірақ мұздың сапасы төмен болғасын және коньки жалға берілмегендіктен, келушілер аз болды. Қазір нысан жаңартылып, адамдардың саны көбейді. Ретро-сырғанақ ескі мульфильмдер негізінде салынғандықтан, мұнда көбінесе балалар келеді.

Абзал ҚҰРМАНКИН