Русский Сайттың толық нұсқасы

Либерияда Эбола вирусына қарсы жасалған дәріні сынақтан өткізу басталды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 1060

Либерияда Эбола вирусына қарсы жасалған дәріні сынақтан өткізу басталды. Еріктілерге вирусқа қарсы Brincidofovir дәрілік заттарын тестілеу жүргізілуде. Аталған препарат «Шекарасыз дәрігерлер» медициналық орталығында сыннан өтеді.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Эбола вирусымен күресетін дәрі жасау жобасын Оксфорд университетінің мамандары басқарады. Сынақтың нәтижелері көп ұзамай анықталады деп күтіліп отыр. Желтоқсанда Гвинеяда осыған ұқсас препаратты тестілеу басталған еді.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін Эбола індетінен әлем бойынша 8 мыңнан астам адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың басым  бөлігі - Либерия, Гвинея және Сьерра-Леонеде өмір сүрген азаматтар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА