Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы жүк пойызының жолдан шығып кету себептері әлі анықталған жоқ

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 1130

Жамбыл облысындағы жүк пойызының жолдан шығып кету себептері әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында апаттан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі қызмет мамандары хабарлады. 6 қаңтарда Жуалы ауданындағы Маймақ стансасында жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып, тағы 5 вагон аударылып қалды. Құрылыс заттары, автобөлшектер мен ұн тиелген нөмірі 2007-ші жүк поезы Қарағанды қаласынан шыққан. Ол Өзбекстанға бағыт алыпты. 

Апат кезінде тіркемелер теміржол рельстерін қиратып кеткен. Осының салдарынан 100 метрден асатын шойын жол бөлігі жарамсыз болып қалды. Әрі жол шетіндегі бағаналар да құлаған. Жолдардың істен шығуы оннан астам жолаушылар пойызын қатынассыз қалдырды. Жөндеу жұмыстарына жүзден аса адам мен бес арнайы техника тартылды. Тіпті, көмекке Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс темір жол стансасынан қосымша күш жұмылдырылған.  Оқыс оқиғаға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Кеңесбек Абдраимов, Жамбыл облыстық ТЖД Жуалы аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы:

Темір жол бойында 3469 км-де теміржол составының жолдан шығу оқиғасы болды. Ең қиын жағдай - екі жағынан техника келу қиындады, осы жұмыстар қолмен жасалды. Адам күшімен мына қаптардың бәрі  алынды. Не себепті болғаны анықталу үстінде.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ