Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельмен кездеседі

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 1179

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтарда Германияға аттанбақ. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратына сәйкес, Елбасының Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі бейресми форматта өтеді. Бұл жайында тараптар 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлескенде уағдаласқан көрінеді. Қаузалатын басты тақырып: Украина шығысындағы жанжалды реттеу және Астанада «норманд» форматында, яғни Германия, Франция, Украина және Ресей лидерлері қатысуымен өтуі тиіс келіссөздер жайы.

Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко: «Украина бойынша жоғары деңгейдегі кездесу 15 қаңтарда Астанада өтеді», - деп мәлімдеді. Қазақстан келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мақұлдаған. Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Германияға сапары барысында Мемлекет басшысы Германия сыртқы істер министрі Штайнмайермен кездесу өткізбек.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА