Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылардың пікірінше, мұнайдың Brent маркасы барреліне 40 доллар деңгейге дейін құлдырайды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2015
  • 1868

Жақын арада мұнайдың Brent маркасы барреліне 40 доллар деңгейіне дейін құлдырайды. Осылайша, мұнай экспорттаушы мемлекеттеріне, оның ішінде Сауд Арабиясына, өндіріс көлемін қысқартудан басқа амал қалмайды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Bank of America Merrill Lynch-тың сараптамалық жазбасына сілтеме жасап жазады. Сарапшылардың пікірінше, америкалық WTI 35 доллар тұруы мүмкін.

Құлдыраудың алдын алу үшін мұнайлы елдер өндірісті барынша қысқартып, нарықта тапшылық тудыруы тиіс. Алайда ешбір мемлекет бұл қадамға барар емес. Күні кеше Brent 50 доллардан төмендеді. Ал 2014-те мұнайдың құнсыздануын болжаған сарапшы Вальтер Зиммерман «ендігі төмендеудің сұранысқа еш қатысы жоқ, эмоциялық құлдырау болады» деген ойда. Ол: «Егер де қара алтынның құны 40 доллардан төмен түссе, 30 долларға бір-ақ барып табандайды», - деген ойда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ