Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-премьер Серік Ахметов үй қамақта тағы бір ай отыратын болды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2015
  • 950

Экс-премьер Серік Ахметов үй қамақта тағы бір ай отыратын болды. Бұл жөнінде Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының өкілдері хабарлады.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Серік Ахметовтің үй қамақ мерзімін ұзартуды 30 желтоқсанда сұраған. Яғни Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған екі ай бұлтартпау шарасының мерзімі өтпей жатып, осындай өтініш білдірген.

«Сот белгілеген бұлтартпау шарасының мерзімі 18 қаңтарда аяқталады. Бірақ тергеуші айыпталушы Ахметовтің үй қамауына алыну мерзімін ертерек ұзартуды шешті», - деп хабарлады Қазыбек би ауданы сотының кеңсе қызметкері. Судья Зухра Тілеубергенова тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, аталған мерзімді үш айға дейін ұзартты. Енді Ахметов 2015 жылдың 18 ақпанына дейін үй қамақта отырады.

Еске салайық, Cерік Ахметов аса ірі көлемде бюджет қаражатын  жымқырды деп айыпталып отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА