Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жер асты дүмпулері тіркелді

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2015
  • 1193

Алматыдан 424 шақырымдық жерде магнитудасы 4,5 көрсеткішінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы хабарлайды. Жер асты дүмпулері Астана уақытымен таңғы 5 сағат 43 минутта тіркелді. Оның ошағы Қытайда орналасқан.

Бұған дейін аспан асты елінде магнитудасы 5,8-ге жеткен жер сілкінісі тіркелген еді. Бұл дүмпулер Алматыға біраз жақындау орналасты. Яғни, толқулар оңтүстік Астанадан 330 шақырымдық жерде сезілді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ