Русский Сайттың толық нұсқасы

2015 жылғы «Протон-М» зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы 30-қаңтарға жоспарланған

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2015
  • 919

Байқоңыр ғарыш айлағында 2015 жылғы алғашқы ұшырылымға дайындық жұмыстары басталды. Бұл жөнінде КазТАГ ақпарат таратуда. Бүгінде Ресейдегі ғарыш орталықтарының мамандары «Протон-М» зымыран тасығышын биылғы жылғы алғашқы ұшырылымға дайындап жатыр. Аталған зымыран тасығыштың көкке көтерілуі 30-қаңтарға жоспарланған.

Мұнан бөлек, ғарыш айлағында 17- ақпанда ұшырылады деп жоспарланған «Союз-У» зымыран тасығышын әзірлеу шаралары да жүргізілуде. Айта кетейік, 2015 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында 25 ұшырылым жүзеге асады деп жоспарланған. Оның 11-і "Протон М" зымыран тасығышы. 

Базаркүл ОТЫНШИЕВА