Шымкентте жарылыстан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жұмыстары жалғасын табуда. Сегіз отбасына бүгін «Қызыл ай» қоғамы азық-түлік жеткізіп берді.
Жатақханаға тұрақтаған төрт отбасының ішінде әсіресе үш баланың анасы Елена
Жируеваға қиын соққан еді. Тұтастай жанып кеткен тұрғын үйдің екінші қабатында
тұратын оның пәтерінде сау дүние қалмаған. Енді Елена балаларының мектепке
киетін киімдеріне дейін түгелденгеніне риза. Тезірек баспаналы болуды
армандаған ана мұның да орындаларына сенеді. Қайырымдылық шарасын
ұйымдастырушылар қиындыққа тап болған өзге отбасылардың кем-кетігін де
сұрастырып, жеткізіп жүр.
Елена Жируева, зардап шегуші:
Ең бірінші керегіміз - азық-түлік қой. Бүгін макарон өнімдері, май мен шәй
секілді тамаққа керектілерді түгендеп әкелді. «Қызыл ай» қоғамынан бөлек, жекелеген азаматтар да бірі ет әкеп берсе, кейбірі қысқа жапқан тосабына шейін
жеткізіп жатыр. Қайырымды азаматтар көп екен. Ризамын барлығына.
Малика Жүсіпова, «Қызыл ай» қоғамы оңтүстік филиалының директоры:
Азық-түлікті жылына бір рет, екі рет емес, ай сайынға қойып қойдық. Қазіргі
уақытта осы жандарға не керек? Қандай азық-түлік керек, соны біліп алып, сол
азық-түліктерді бермекшіміз.
Еске салайық, Шымкентте Ақназар хан көшесіндегі 62-үйде жарылыс
желтоқсанның 20-сы күні болып, арты алапат өртке ұласқан. Сегіз пәтерлі
баспананың төрттен бір бөлігі жанып кеткенін айтқанбыз. Жарылыс бірінші
қабаттағы тұрғын газ плитасын тұтатқалы жатқан сәтте шыққан. Айта кетейік, қыс
ортасында баспанасыз қалған сегіз отбасының төртеуі туыстарының үйінде, тағы
төртеуі арнайы жатақханада тұрып жатыр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ